Балқан түбегінде мигранттар суықтан жапа шегіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқан түбегінде мигранттар суықтан жапа шегіп жүр

20.01.2016
Балқан түбегінде мигранттар суықтан жапа шегіп жүр
Бұған қарамастан, мигранттар қарт құрлыққа ағылып жатыр.

Халықаралық құқық қорғаушы және гуманитарлық ұйымдар дабыл қағып жатыр. Балқан түбегінде мигранттар суықтан тоңып, ауруға шалдыққан. Қыс ызғары, әсіресе, балаларға ауыр тиген. Олардың арасында үсікке шалдығып жатқандары бар.

Елдеріндегі жылы ауа райына үйренген босқындар өздерімен бірге қалың киімдерін де алмаған. Оларға шұғыл көмек қажет. Бұған қарамастан, мигранттар қарт құрлыққа ағылып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу