Террористер Малиде қонақ үйге шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Террористер Малиде қонақ үйге шабуыл жасады

20.11.2015
Террористер Малиде қонақ үйге  шабуыл жасады
 Террористер Малиде қонақ үйге  шабуыл жасады

Осыдан бірнеше сағат бұрын Малиде 10 шақты шабуылшы 170 адамды кепілге алды. Автоматпен, гранатамен қаруланған қаскөйлер ел астанасы Бамакодағы «Рэдиссон» қонақ үйіне басып кірген.

Қолға түскендердің 140-ы – меймандар, 30-ы – отель қызметкерлері. Олардың ішінде АҚШ, Қытай, Түркия азаматтары бар. Құранды оқып берген екі мұсылман босатылған.Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Ғимаратта атыс жалғасып жатыр.

2012 жылы бұл батысафрикалық мемлекеттің солтүстігі әл-Каидамен байланыстағы экстремистердің қолына өтті. Содан кейін Франция кіргізген мыңға жуық жауынгер Малиден әлі шығарылған жоқ. Ал, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі twitter парақшасында кепілдікке алынғандардың құрамында қазақстандықтар бар ма, жоқ па, анықталып жатқанын жазды.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу