Алматы облысында бір үйдің балаларын аяусыз сабап кеткен қаскөй ұсталды
Алматы облысы Жамбыл ауданында бір үйдің балаларын аяусыз сабап кеткен қаскөй ұсталды. Оқиға Ұзынағаш ауылында болған. Балалардың жан ұшыра айқайлаған дауысын көршілері естіп, көмекке келген. Әбден қорқып қалған олар бейтаныс адамның үйге баса-көктеп кіріп, қоқан-лоқы жасағанын айтады. Видеода балалар аяқ-қолымызды байлады, пышақпен қорқытты деп жатыр. Бір баланың көзі оңбай көгерген. Қарақшылық шабуыл жасаған адам Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Қазір Алматы облысының тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған балаларға шабуыл жасады деген дерекпен қылмыстық іс қозғады.
Бауыржан Әленов, Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы:
Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы Қарасай ауданында өтті. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15