Хакерлер террористердің аккаунттарын бұғаттап тастады

Интернеттегі Anonymous деп аталатын хакерлер тобы twitter әлеуметітк желісінде террористердің 5500 аккаунтын бұзып, бұғаттап тастады. Сонымен қатар, олар Ауғанстан, Сомали және Тунисте адамдарды террорлық топтарға шақырып жүрген 5 адамның мекен-жайын, телефон номерлерін жариялаған.
The Sun басылымының жазуына қарағанда Anonymous хакерлері анықтаған 5 адам террористердің пайдасына интернет арқылы кибер-шабуылдар жасауға әзірленіп жүріпті. Сонымен қатар, бұл адамдар террорлық топтарға адамдарды тартумен айналысқан. Хакерлер Distributed Denial of Service атты құралдың көмегімен террористердің веб-парақшаларына шабуыл жасауды көздеп отыр. Бұл тәсілді бұрын Ұлыбританияның ұйымдасқан қылмыспен күрес агенттігі, АҚШ-тың орталық барлау басқармасы сынды бірқатар күш құрылымдары қолданған болатын. Ал, Anonymous хакерлері өткен жұма күні Парижде болған террорлық актлер үшін кек қайтаратындығын мәлімдеген еді.
kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды
12.04.2026, 20:13
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала мерт болды
12.04.2026, 20:11
Балабақшаны ваучерлік қаржыландыру тиімді ме?
12.04.2026, 20:00
Интернет алаяқтық: Кең тараған схемалар мен сақтану жолдары қандай?
12.04.2026, 19:57
АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?
12.04.2026, 19:56
Президент Құрылтай сайлауының тамызда өтетінін хабарлады
12.04.2026, 19:54
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: Қандай шешімдер қабылданды?
12.04.2026, 19:50
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23