Қытайдың 13 қаласын қою түтін басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың 13 қаласын қою түтін басты

09.11.2015
Қытайдың 13 қаласын қою түтін басты
Ляонин провинциясында мұндай жағдайдың қалыптасқанын елдің «Си-си-ти-ви» телеарнасы хабарлады.

Ал, «Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, ауаның мұнша ластануына күннің суытып, көмір жағатын маусымның басталуы себепші.
Қытай ондаған жылдар бойы экономика қарқынын қайтсе де арттыру моделін ұстанып, суын, ауасын, топырағын улап алды.

Мұндай саясат халық наразылығын күшейткендіктен, үкімет экологияның бұзылуына қарсы күрес жариялап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу