Өскеменді қою түтін басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменді қою түтін басты

23.02.2024
Бір аптаға созылған сары аяздан соң, Өскмен қаласын қою түтін басты. «Қазгидромет» орталығы тұрғындарға далада көп жүрмеуді ескертіп жатыр. Соңғы бірнеше тәулікте ауада көміртегі газы қалыпты мөлшерден 1,4, ал күкірт қышқылы 1,3 есеге көбейіп кеткен. Жел соқпаған күндері қаланы үнемі қою түтін басады. Мамандар бұл жолы қатты аяз да әсер еткенін айтады. Ірі өндірістерден шыққан қою түтінге жеке үйлердің үздіксіз жаққан көмір түтіні қосылып жағдайды тіпті ушықтырып жіберді.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу