Қытайда қою тұманнан айнала көрінбей қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда қою тұманнан айнала көрінбей қалды

29.12.2023

Қытайдың Шанхай қаласын бүгін қою тұман басты. Айнала анық көрінбейді. Қала билігі осыған байланысты қауіптің сары түсті белгісін жариялады. Кемелер қозғалысы уақытша тоқтатылып, тас жолдардың кейбір бөліктері, көпірлер жабылған. Ауа райын бақылаушылар қою тұман бір тәулік бойы сақталуы мүмкін екенін ескертті. Ал сенбіде қалаға салқын ауа толқыны жетіп, жағдай жақсаруы ықтимал.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу