Түркия әлемде теңдесі жоқ кереует ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия әлемде теңдесі жоқ кереует ойлап тапты

27.10.2015
Түркия әлемде теңдесі жоқ кереует ойлап тапты
Жер тербеле бастағанда төсек автоматты түрде төбесінен жабылады. Темір қорапқа ұқсайтын кереуеттің ішінде біраз уақытқа дейін жететін азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, газдан қорғайтын және өрт сөндіретін құрал бар.

Қораптың сырты өртенбейтін материалмен қапталған. Ішіндегі адамға ауа кіріп тұру үшін екі терезе қойылған. Кереуеттің өлшемі мен жасалған материалының сапасына байланысты бағасы 3 мың доллардан басталады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу