Венесуэланың ең ірі қалалары жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэланың ең ірі қалалары жарықсыз қалды

28.06.2014
Венесуэланың ең ірі қалалары жарықсыз қалды
Венесуэланың ең ірі қалалары бірнеше сағат бойы электр жарығынсыз қалды. Соның салдарынан ел астанасы Каракаста метро қатынасы үзіліп, қала көшелерінде бағдаршамдар сөніп, қарбалас басталған.
 
Жарық өшкен кезде ел президенті Николас Мадуро тікелей эфирден сөз сөйлеп тұрған. Қазір төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.
 
Венесуэлада электр жарығы жиі өшеді. Оппозицияның мәлімдеуінше, оған энергетика саласына қаражаттың бөлінбеуі себепші.  
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу