БҰҰ-да екі резолюция жобасы мақұлданбады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-да екі резолюция жобасы мақұлданбады

01.03.2019

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ пен Ресей ұсынған Венесуэла жөніндегі резолюциялар қабылданбай қалды. Вашингтон өз қарарында Венесуэлаға гуманитарлық көмек кіргізуге және онда мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырған. Алайда, Ресей мен Қытай оған қарсы дауыс берді.

Көп кешікпей Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің көпшілігі Мәскеудің резолюция жобасын мақұлдамады. Ол құжатта Венесуэланың тәуелсіздігіне нұқсан келтірілмесін және оған халықаралық көмек бөлерде үкіметтің жетекші рөлі ескерілсін деп жазылған.

Ал, өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо елінен кетіп, Бразилияға барды. Ол көрші мемлекеттен саяси дағдарыстан шығуға қолдау тапқысы келеді. Таяуда Гуайдо Каракасқа оралуы тиіс. Құрама Штаттар Венесуэла үкіметін оған қарсы қандай да бір әрекет жасамауды ескертті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу