Сидней әуежайында электр жүйесі істен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сидней әуежайында электр жүйесі істен шықты

27.06.2014
Сидней әуежайында электр жүйесі істен шықты
Австралияның Сидней қаласының әуежайында электр жүйесі істен шығып, мыңдаған адам сапарға аттана алмады.
 
Ұшақ күткендердің дені – ішкі рейстерге билет алғандар.
 
Техникалық келеңсіздік екінші терминалда болған. Оның кесірінен жүк рәсімдеу, жолаушыларды тіркеу жұмысы тоқтап қалды. Сондай-ақ, қауіпсіздік қызметінің жұмысында да іркіліс байқалған.
 
Қазір мамандар терминалдың энергия жүйесін қалпына келтіріп жатыр.
 
Дегенмен, әуежайдың қашан толыққанды қызметке кірісетіні әзірге белгісіз.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу