Павлодар облысында орталықтандырылған жылу жүйесі істен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында орталықтандырылған жылу жүйесі істен шықты

09.12.2023

Павлодар облысына қарасты Железинка ауданы Прииртышск ауылында 50-ге тарта пәтер жылусыз қалды. Орталықтандырылған жылу желісі қатып қалған. Қазір бұл өңірде -37 градус суық. Ауыл ішілік жылу жүйесіндегі күрделі ақау жайлы жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Алдымен мектеп, одан кейін медициналық амбулатория жылусыз қалды. Бірақ жергілікті билік тарапынан нақты қандай шара қолданылғаны бізге беймәлім.

Төрт көпқабатты үй жылусыз қалып отыр

Ал Степногорск қаласында 4 көппәтерлі тұрғын үйге әлі жылу берілген жоқ. Бұл туралы шаһар әкімі Алпысбай Қайыржанов мәлімдеді. Оның сөзінше, жөндеу жұмыстары күндіз-түні тоқтаусыз жүріп жатыр. Айта кетейік, бейсенбі күні кешке Славское, Целиноград көшелеріндегі жылу трассасында апат болып, 98 үй жылусыз қалған еді. Дегенмен, облыс әкімі кеше таңғы сағат сегізде барлық ақаудың жойылғанын мәлімдеген.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу