Алматы метросында пойыздар 5 минут сайын жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы метросында пойыздар 5 минут сайын жүреді

05.12.2023

Алматы метросында бұдан былай пойыздар бес минут сайын жүреді. Қала әкімдігінің мәліметінше, желіде қатынайтын құрам саны артып, 11-ге жеткен. Себебі, оқу жылы басталғалы метромен жүретін жолаушы саны 70-тен 90 мыңға дейін өскен. Осыны ескерген «Метрополитен» желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылдаған. Әр пойыз 4 вагоннан тұрады. Сыйымдылығы – 900 адам. Айта кетейік, Алматы метросы 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір жолаушыларға 11 станция қызмет көрсетеді. Қосымша тағы 4 бекеттің құрылысы жүріп жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу