Чилилік фанаттар медиа-орталыққа басып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилилік фанаттар медиа-орталыққа басып кірді

19.06.2014
Чилилік фанаттар медиа-орталыққа басып кірді
 
Чилилік фанаттар футбол тамашалайтын трибунаға өту үшін Рио-де-Жанейрода медиа-орталыққа басып кірді. Келеңсіз оқиға «Маракана» стадионында болған. 
 
Қызыл киінген фанаттар мінберге барар жолда бір қабырғаны құлатып, журналистердің құрал-жабдықтарын сындырған.
 
Оқиғаға байланысты 85 жанкүйер тұтқындалды. Ал, олар көргісі келген матчта Чили командасы Испания құрамасын 2:0 есебімен ұтты.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу