Газа тұрғындары қоймаларға басып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа тұрғындары қоймаларға басып кірді

29.10.2023

Газа секторының тұрғындары гуманитарлық көмек сақталған қоймаларға басып кірді. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, ашыққан жұрт қап-қап ұн, өзге де ең қажетті азық-түлікті алып кеткен. Таяу Шығыста соғыс қазанның 7-де басталды. Израиль Газаны толық блокадаға алды. Содан бері палестиналық анклавта азық-түлік, дәрі-дәрмек, отын, ауыз су тапшылығы орын алды. Ал Мысырмен арадағы Рафах өткізу пунктінен секторға күніне санаулы ғана жүк машинасы өтеді. Сондықтан, шетелден жеткен жәрдем жергілікті халыққа жетпей жатыр .

П: Нетаньяху: Хамасқа қарсы соғыстың екінші кезеңі басталды

Израиль Газа секторында ХАМАС-қа қарсы соғыстың екінші кезеңін бастады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху : "бұл соғыс ұзақ, әрі күрделі болады", - деді. Палестиналық анклавта бомбалау құрбандарының саны 8 мыңға жуықтаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, марқұмдардың 40 пайызы - бала. Әлемнің бірқатар елінде Палестинаны қолдайтын ауқымды шерулер өтіп жатыр. Қантөгісті тоқтатуды талап еткен шеру Израильде де өтті.


Хабарламаларға жазылу