Македонияда шерушілер парламент ғимаратына басып кірді

28.04.2017

Македония астанасы Скопьеде демонстранттар парламент ғимаратына басып кірді. Шабуылдан соцал-демократиялық партия лидері жараланды. Шерушілер парламент спикері болып сайланған этникалық албан Талат Джаферидің бұл лауазымдағы қызметіне қарсы. Атап айтсақ, Джаферидің кандидатурасына 120 депутаттың 62-і оң дауыс беріпті. Ал манифестанттардың саны 200-ден асады, олар «Македония бірлігі» атты қозғалыстың өкілдері. Шерушілер отырыс залына дейін кіріп кеткен. Кейбірі бетіне маска таққан. Олар ғимараттың терезесін сындырып, тәртіпсіздік көрсеткен. Рейтер агенттігінің мәліметінше, полицейлер демонстранттарға қарсы жарық гранаталарын қолданып, оларды таратып жібермекші болған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу