Италияда дауыл мен тасқыннан 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда дауыл мен тасқыннан 1 адам қаза тапты

26.10.2021

Италияның оңтүстігінде екі күн қатарынан алапат дауыл соғып, лай көшіп, жолдар мен егістік алқаптарын су басты. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 адам қаза тапқан. Оның автокөлігі Сицилияның Катания қаласында суға кетті.

Аймаққа соққы берген желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жетті. Және Катанияға бірнеше сағатта бір жылда жауатын жаңбырдың жартысы түскен.

Аймақта ауа-райының бұзылуына байланысты бірнеше елді мекен мен қалада мектептер жабылып, ондаған әуе рейсі басқа қалаларға бағытталып, кемелер теңізге шықпады.

Арыстан Рысбек


Италия дауыл

Хабарламаларға жазылу