Әлем елдерінде айт намазы оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдерінде айт намазы оқылды

21.04.2023

Бүгін қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай, әлем елдерінде айт мерекесі басталды. Албания астанасы Тирананың орталық алаңына мыңдаған мұсылман жиналып, Айт намазын оқыды. 2011 жылы жүргізілген санақ нәтижесіне қарағанда, бұл мемлекет тұрғындарының 57 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады.

Ал Қатар астанасы Дохада мұсылмандар былтыр футболдан Әлем чемпионаты өткен стадионда Аллаға құлшылық етті. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл спорттық алаңға 15 мыңдай адам жиналған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу