«Тойота» корпорациясы 2,3 миллион көлікті зауытқа қайтарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тойота» корпорациясы 2,3 миллион көлікті зауытқа қайтарады

12.06.2014
«Тойота» корпорациясы 2,3 миллион көлікті зауытқа қайтарады
«Тойота» корпорациясы әлем бойынша 2 миллион 300 мыңға жуық машинаны зауытқа қайтаратын болды. Конвейерге оралатын көліктердің көпшілігі Америка Құрама Штаттарында сатылған.
 
Жалпы алғанда, «Тойотаның» көпке танымал 20 шақты үлгісінің қауіпсіздік жастығынан ақау табылыпты. Солардың ішінде «Камри», «Королла», «Тундра» тәрізді модельдер бар.
 
Корпорация өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл машиналардың қауіпсіздік жастықтары жоғары қысымнан жарылатын болса, жолаушылар жарақат алуы мүмкін.
 
Дегенмен, мұндай оқиға әзірге тіркелмеген. Айта кетсек, биыл сәуір айында «Тойота» әртүрлі проблемаларға байланысты дүниежүзі елдерінен 6,5 миллион көлікті кері қайтарған болатын.
 
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу