Mars 55 елдегі шоколад кәмпиттерін кері қайтарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Mars 55 елдегі шоколад кәмпиттерін кері қайтарады

24.02.2016
Mars  55 елдегі шоколад кәмпиттерін  кері қайтарады
Mars  55 елдегі шоколад кәмпиттерін  кері қайтарады
Бұған олардың ішінен табылған пластик себеп.

Компания өкілдері хабарлағандай, қызыл пластик кесегі Snickers батончигінен қаңтардың 8-де Германияда табылған. Тұтынушы Mars-қа шағым жазған. Содан кейін мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұл шоколадтың голландиялық Фехел қаласындағы зауытта шығарылғанын анықтаған.

Соған байланысты Mars-тың Mars, Snickers, Milky Way тәрізді сақтау мерзімі 2016, 2017 жылға дейін барлық өнімдері зауытқа кері қайтарылмақ.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу