Ресейдегі әскери ұшақ апаты: Қаза тапқандар саны 13-ке жетті
Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ құлағанда қаза тапқан адамдар саны 13-ке жетті. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мерт болғандардың арасында үш бала бар. 19 тұрғын жараланған. Олар ауруханада емделіп жатыр. Оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы аяқталды. Су-34 оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Ол көпқабатты үйдің ауласына құлап, өрт тұтанған. Кейін жарылыс болды. От тоғызқабатты үйдің бірнеше қабатын шарпыған. Ұшақ бортында болған екі пилот жарылыс болмастан бұрын секіріп үлгерді. Олардың сөзінше, ұшақ көкке көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірі өртене бастаған. Ресей қорғаныс министрлігі де апаттың нақты себебі осы екенін растады. Қазір болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16