Жас жұбайлар мен қонақтар суға құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас жұбайлар мен қонақтар суға құлады

05.06.2014
Жас жұбайлар мен қонақтар суға құлады
АҚШ-тың Миннесота штатындағы Крослейк қаласында үйлену тойында күлкілі оқиға болды. Күйеу жігіт пен қалыңдық рәсімге су киіммен келіпті.
 
Себебі, бұған дейін жас жұбайлар мен тойдың қонақтары суретке түсу үшін айлаққа барған. Жиналғандар тізіліп тұрған кезде, кенеттен аяқтарының астындағы ағаштар сынып кеткен.
 
Сөйтіп, бәрі белшелерінен суға батты. Тек қалыңдықтың бірнеше құрбысы ғана жағаға шығып үлгеріпті.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу