Қазақстандағы Корей елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттар елордада тойларын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы Корей елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттар елордада тойларын өткізді

13.08.2018

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Дәл осындай тағылымды мақал Корей халқында да бар. Бұл сөзге Астанада Корейдің дәстүрлі үйлену тойына келген көрермендер көз жеткізді. Таңғы шық елінің Қазақстандағы елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттар қол ұстасу тойын Достық саябағында өткізуді жөн санаған. Жиналғандар ұлттық дәстүрге сай жастардың неке қию салтын тамашалады. Жас жұбайлар молшылық пен тоқтықтың нышаны болған мол дастарханға бас иіп, отбасына ырыс-құт тіледі. Жас жұбайлардың тойына келген қонақтар ұлттық киім киіп келді. Ал, қазақтың шапаны мен камзолын киген Корей Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі мен оның жұбайы елден ерек болды. 

Ким Дэ Сик, Корей Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Маған қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері ұнайды. Корей мен қазақ дәстүрлері бір-біріне ұқсас. Менің бүгін шапан киіп келуімнің бір сыры қазақ халқына деген алғысымның бір нышаны. Ал, бүгін үйленіп жатқан жас жұбайлардың жолы болып, бақытты болады дегенге сенімдімін.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу