АҚШ-тың орталық штаттарында құйын көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың орталық штаттарында құйын көтерілді

04.06.2014
АҚШ-тың орталық штаттарында құйын көтерілді
АҚШ-тың орталық штаттарында табиғат тосын мінез танытуда. Небраска, Вайоминг, Айова, Оңтүстік Дакотада  күшті жел тұрып, құйын көтерілді. Көлемі теннис добындай бұршақ жауып, нөсер жауын құйған.
 
Көшелерді  тасқын су жайлады. Күшті жел көліктерді аударып, ғимараттардың шатырын ұшырған. Әуежайда ұшақ бағыттары бірнеше сағатқа доғарылды.
 
Синоптиктер жел сағатына 200-ден астам шақырым жылдамдықпен соғуы мүмкін, деп жорамалдап отыр. Қазір жауын-шашын мен күшті жел  елдің Миссури, Иллинойс, Индиана, Кентукки штаттарына ойыса бастады.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу