АҚШ-тың бірнеше штатында құйын көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың бірнеше штатында құйын көтерілді

31.03.2022

Арканзас штатында күшті дауыл бастауыш мектеп ғимаратын тас-талқан еткен. Бірнеше тұрғын жараланды. Жапа шеккендердің арасында мүшкіл халде жатқандары бар.

Американың «ЭйБиСи» телеарнасының хабарлауынша, елдің 8 штатында құйын көтерілуі мүмкін деген ескерту жасалды. Кей өңірлерде жел сағатына 96 шақырым жылдамдықпен соғып, бұршақ жауған.

Айта кетсек, бұл аумақтардың кейбірі өткен аптада соққы берген құйын салдарынан ес жия қойған жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу