Қостанай облысында көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге бизнесмендер белсене атсалыса бастады. «Бақытты отбасы» жобасы аясында. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы бүгін осы өңірдегі іске асырылып жатқан ілкімді шаруалармен танысты.
Қостанайлық бизнесмендер «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл басынан бері 22 жанұяға пәтер алып берген. Мұндай мардымды қолдауға ие болғандардың бірі - Жанар Шәкірова. Айта кетейік, «Бақытты отбасы» жобасы Елбасының тікелей тапсырмасымен өңірлерде жаппай жүзеге асырылуда.
Бизнес қауымдастық негізінен тұрғын үй кезегіне тұрмаған азаматтарға азаматтарға көмек көрсетуде. Ал, кезекте тұрғандардың мәселесі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде шешілуде. 600-ден астам. Ресми дерек бойынша, Қостанай облысында 5 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Соның 600-ден астамы пәтер алу кезегінде тұр. «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары аясында жыл сайын 200-ге жуық отбасыға арендалық пәтер беру жоспарланған. Қазіргі таңда азаматтар қызмет көрсету мекемелеріне келіп өтініш беруде. Ауыл, аудан, қала орталықтарындағы қызмет көрсету мекемелері тұрақты жұмыс істеп тұр. Өз кезегінде вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова қызметтің сапасын сұрастыра келе, қарапайым адамдарды қағазбастылықпен әурелемеуді ескертті.
Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық шаралары» халықпен кездесуде кеңінен талқыланды. Әр салаға жауапты министрлер мардымды мәлімет берді. Жәрдемақы, жалақы, баспана, жұмыссыздық сынды қиындықтарды еңсерудің жолдары және қолдау тетіктері түсіндірілді. Азаматтардың көтерген мәселесі назарға алынып, жергілікті жердегі жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді. Жиын соңында азаматтарды жекелеген мәселесі бойынша қабылдау өтті.
«Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндіруге келген Үкімет өкілдері қала ғана емес, шалғайдағы аудандар мен ауылдарды да қамтып жатыр. Жәрдемақы мен жалақының өсімі, кәсіпкерлікті қаржыландыру, білім сапасын арттыру, медицина саласын жетілдіру, жастарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар есепке алынуда. Қостанай облысына арнайы келген жұмыс тобы ертең Рудный халқымен кездесу өткізбек.
Ербол МӘНДІБЕК