Сенат Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы заңды қабылдады

31.01.2019

Конвенцияға былтыр тамыз айында Ақтау қаласында өткен саммите Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран мен Түркіменстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, теңізге қатысты мәселелерді шешу Каспий маңы мемлекеттерінің құзыретіне ғана берілді. Су айдынында осы бестікке қатысы жоқ мемлекеттердің туы бар кемелерге, оның ішінде өзге елдің әскери флотына жүзуге болмайды. Ал, теңіздің экологиялық жүйесі мен оның барлық компоненттері бүкіләлемдік қорғауда. Сондықтан, мұндағы кез келген іс-әрекет қарт Каспийдің биологиялық  және экологиялық жағдайына зиян тигізбеуі шарт. Қазіргі таңда барлық шекара мәселелері шешілген. Тек Түркіменстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің түйісу нүктесі бойынша ғана келіссөздер жүруде.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істері министрі:

- Конвенция қазақстандық секторын бөлуді аяқтауға сондай-ақ, Каспий теңізін қосқанда периметрі  бойынша мемлекеттік шекараны делимитациялау үшін барлық жағдайды туғызады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-  Бұл расында өте маңызды құжат. 20 жыл бойы Сыртқы істер министрлігі келіссөздер өткізді. Ақыры 5 мемлекет оң нәтижеге келді. Сондықтан, бұл тарихи оқиға деп айтуға болады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу