Басты Жаңалықтар «Самұрық-Қазына» өзіне тиесілі бірнеше компанияны инвесторларға ұсынды

«Самұрық-Қазына» өзіне тиесілі бірнеше компанияны инвесторларға ұсынды

«Самұрық-Қазына» өзіне тиесілі бірнеше компанияны инвесторларға ұсынды

Жекешелендіру бағдарламасы бойынша инвесторларға берілетін мекемелердің тізімі шыға бастады. Осы мақсатта алғашқы болып «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры өз қарамағындағы ірі компанияларға тиесілі кәсіпорындарды инвесторлар назарына ұсынды.

Оның ішінде «Локомотив» акционерлік қоғамы өздеріне тиесілі үш кәсіпорынды «Ертіс сервис», «Қазығұрт-Оңтүстік» және «Бас-Балқаш» серіктестіктерін жекеменшікке беретінін жариялады.

Бұл кәсіпорындар вагондарды жөндеу және оларға қызмет көрсетумен айналысады. Кәсіпорындар жекеге берілгенімен, инвесторларға нақты талаптар қойылады.

Ол бойынша кәсіпорындар жұмыс бағытын сақтауға, жұмысшыларды қысқартпауға және кәсіподақтармен арадағы келісімдерді сақтауға міндеттеледі. Бұл мекемелерді жекеменшікке беру туралы ақпарат жақында шыққандықтан әзірге ұсыныспен келгендер байқалмайды. 

Асқар Мәжімов, «Локомотив» АҚ қаржы директоры:

Сол өңірде істейтін кәсіпорындар осындай бағдарламаның өтіп жатқанын біледі. Кейбір кәсіпорын өкілдері келіп, бізбен сөйлесті. Бірақ, әзірге бізге ресми түрде келген жоқ.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

 

Бөлісу