Мемлекеттік хатшы Армения елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Армения елшісімен кездесті

22.01.2019

Бүгін Гүлшара Әбдіқалықова Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті. Кездесуде Мемлекеттік хатшы жаңадан тағайындалған елшіні қызметіне кіріскенімен құттықтап, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді. Тараптар бұған дейінгі әріптестіктің жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Бір жылда сауда-экономикалық байланыс 20 пайызға артқан. Кездесуде Қазақстандағы армян диаспорасының тыныс-тіршілігі де сөз болды. Мемлекеттік хатшы елшіні әрбір облыста армян мәдени орталықтары жұмыс істеп жатқаны туралы және Парламент депутаттарының ішінде армян ұлтының өкілі бар екенінен хабардар етті.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу