Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Сербия елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Сербия елшісімен кездесті

08.02.2017
Сербия Республикасының Парламент төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келмек. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен осы елдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Владимир Мирковичтің кездесуінде белгілі болды. Соңғы жылдары қазақ-серб ынтымақтастығы қарқынды дамуда. Сауда-экономикалық байланыс артып, тауар айналымы 25 млн. долларға жетті.


Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу