Мемлекеттік хатшы Сенім грамоталарын қабылдады

07.08.2017

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Латын Америкасы елдері мен Фиджи, Лаос Республикаларының Төтенше және өкілетті елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады. Гүлшара Әбдіқалықова дипломаттарды Қазақстандағы миссиясының басталуымен құттықтады. Әрі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал ететіндіктеріне сенім білдірді. Әсіресе, сауда-экономикалық әріптестікке серпін беру қажет. Мәселен, 300-ден астам ірілі-ұсақты арал қоршап тұрған Фиджи Республикасының елшісімен кездесуде Мемлекеттік хатшы туризм саласына басымдық беруді атап өтті. Сондай-ақ, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім беру, жеңіл өнеркәсіп салаларында бірлескен бағдарламалар іске асырылмақ. Гүлшара Әбдіқалықова барлық елді «ЭКСПО-2017» көрмесі аяқталғаннан кейін де ынтымақтастықты дамыту мақсатында ірі жобаларға қатысуға шақырды. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу