Солтүстік Америка «Қазғарыш» мекемесімен ынтымақтасуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Америка «Қазғарыш» мекемесімен ынтымақтасуға ниетті

04.12.2018

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетпен кездесті. Қ.Тоқаев мәртебелі мейманның сапары қос елдің байланысын бекемдеудегі елеулі оқиға екендігін атап өтті. Жули Пайет «Байқоңыр» айлағына барған сапарынан үлкен әсер алғандығын айтты. Күні кеше сол жерден канадалық ғарышкер ұшқан болатын. Енді Солтүстік Америка елі «Қазғарыш» мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға ниетті болып отыр.

Сондай-ақ, кездесуде қос елдің парламентаралық байланысын дамыту жайы сөз болды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу