Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Байденге көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Байденге көңіл айтты

27.08.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джо Байденге көңіл айтты.

«Қазақстан халқының атынан Кабул халықаралық әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан АҚШ әскери қызметшілері арасында көптеген адам қаза тауып, жараланғанына байланысты Президент Байденге және Америка халқына шын жүректен көңіл айтамын», - деп жазды Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе операцияларының бірін лайықты түрде аяқтайды деп сенетінін айтты.

«Қазақстан бұрынғыша терроризмге қарсы күрестегі барлық негізгі халықаралық әріптеспен күш-жігерді біріктіруге ниетті», - деді Тоқаев. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу