Солтүстік Америка тұрғындары Күннің толық тұтылғанын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Америка тұрғындары Күннің толық тұтылғанын тамашалады

09.04.2024

Өткен тәулікте АҚШ-та, Мексикада, Канадада ондаған миллион адам Күннің толық тұтылғанын тамашалады. Осы жолы Айдың Күнді жабу сәті 4 минут 28 секундқа созылды. Сол уақытта Американың Арканзас штатының Расселвилл қаласында 400-дей жұп неке қидырған. Айта кетсек, Солтүстік Американың көп бөлігі Күннің толық тұтылғанына соңғы рет 2017 жылы куә болды. Ол кезде бұл құбылыс 2 минут 42 секундтан аспаған.

Арыстанбек Рысбек


Хабарламаларға жазылу