Мемлекеттік хатшы Түркі академиясы қызметімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Түркі академиясы қызметімен танысты

29.12.2014
Мемлекеттік хатшы Түркі академиясы қызметімен танысты

Бұл салмақты шараларды ұйымдастыруда Түркі академиясының атқарар шаруасы зор.

Осы орайда еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова орталықтың ғылыми-зерттеу қызметімен танысты.

Әуелі түркі халықтарының тарихи мұражайы мен 32 мың кітап қоры бар кітапхананы аралаған Гүлшара Әбдіқалықова, кейін түрколог ғалымдармен кездесу өткізді.

Жиында аталған мерейтойлардың барлығы да тарихи, ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет ететіндігін жеткізді.

Алдағы уақытта жауапты мамандардың қатысуымен ірі жиындар өтпек.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу