Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті

17.04.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективаларын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардың сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті. «Астана мен Сеул арасында сенімге негізделген достық қатынас орнап, экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Экономикалық және гуманитарлық өзара ықпалдастықтың көптеген мәселелері шешімін тауып жатыр. Сіздердің Орталық Азияда жүргізіп жатқан белсенді жұмыстарыңызды қолдаймыз», - деді Қазақстан Президенті. Корея Сыртқы істер министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан астанасынан алған әсері жөнінде айтты.

Кан Гён Хва, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі:

– Бұл – Қазақстанға және Астанаға жасаған алғашқы сапарым. Мен үшін сапарымның елордаларыңыздың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуінің мәні зор. Осы кезең ішінде Астана дамудың үлкен жолынан өткеніне тәнті болдым. Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ықтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті екенін жеткізгім келеді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу