Қазақ елі ядролық сынақтардың зардабын «ұлттық трагедиядан» дипломатиялық басымдыққа айналдыра алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі ядролық сынақтардың зардабын «ұлттық трагедиядан» дипломатиялық басымдыққа айналдыра алды

07.09.2017

Еліміз тәуелсіз атанған тұстан бастап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, халықаралық аренада бейбітсүйгіш ел ретінде оң имиджін қалыптастырды. Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен брифинг кезінде айтылды. Шара барысында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі Марат Сыздықов ядролық қарусыз әлем құру жолында Қазақстанның бастамасымен іске асқан бірқатар халықаралық жобаға жеке-жеке тоқталды. Мәселен, Қазақстанның ұсынысымен 29 тамыз ядролық сынақтарға қарсы күн ретінде бірнеше жылдан бері аталып келеді. Ал, жақында ғана ашылған аз байытылған уран банкі еліміздің әлем бойынша атомды бейбіт мақсатта қолдануды іс жүзінде қолдайтынын көрсетіп отыр.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу