Венада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды

26.08.2021

Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды. Шараны еліміздің Аустриядағы елшілігі мен Венадағы Қазақстанның халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі бірігіп ұйымдастырды. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы жарлығының көшірмесі, тарихи құжаттар мен сирек кездесетін фотосуреттер қойылған. «Ядролық сынақтың зардабы»тақырыбына балалардың салған суреттері де көпшіліктің назарын аударды. Сондай-ақ, залдың бір бұрышында полигон тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты деректі фильмі көрсетілуде. Женевадағы БҰҰ ұйымының қызметкерлері көрмені 5-қыркүйекке дейін тамашалай алады.

Эрлан Батырбеков, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, «ясжтшұ»-ның жұмыс тобының төрағасы:
Полигон жабылғаннан кейін біздің үкіметтің алдында инфрақұрылымды жақсарту, сынақтардың зардабымен күрес, әскери-өнеркәсіптік кешенде өзгеріс енгізу, ғылыми-техникалық базаны құру, Қазақстанда бейбіт атомды дамыту сынды өзекті мәселелерді шешу тұрды. Осы мәселелерді шешу үшін 1992 жылы Тұңғыш Президенттің жарлығымен ұлттық ядролық орталық құрылды. Біз ядролық сынақтың зардабын жою үшін 8 жобаны жүзеге асырдық.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу