Елбасы МАГАТЭ-нің бас директорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы МАГАТЭ-нің бас директорын қабылдады

29.08.2017

Төмен байытылған уран банкінің ашылуы көпжылдық еңбектің жетістігі. Бұл туралы Мемлекет басшысы МАГАТЭ ұйымының бас директорымен кездесу барысында мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев төмен байытылған уран банкінің ашылуына орай, елімізге арнайы келген Юкия Аманоға ризашылығын білдірді. Президент агенттікпен ынтымақтастық жайын пысықтап, екі арада жан-жақты берік қатынас орнағанын айтты.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу