Иран өзінің ядролық нысандарынан МАГАТЭ-нің 27 камерасын алып тастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран өзінің ядролық нысандарынан МАГАТЭ-нің 27 камерасын алып тастаған

10.06.2022

Иран өзінің ядролық нысандарынан МАГАТЭ-нің 27 камерасын алып тастаған. Мұны Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік хабарлады.

Ұйым басшысы Рафаэль Гроссидің ескертуінше, бақылау аппараттарының істен шығарылуы 2015 жылы қол қойылған ядролық келісімді қалпына келтіру мәселесіне үлкен соққы болып тиюі мүмкін.

МАГАТЭ Иранды ядролық материалдар жайлы толық ақпарат бермегені үшін айыптаған соң камералар алынып тасталды. Бұл жағдай ядролық келісімді қалпына келтіру жөніндегі келіссөздердің тығырыққа тірелуіне де байланысты болуы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу