Елбасы МАГАТЭ ұйымының мүшелерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы МАГАТЭ ұйымының мүшелерін қабылдады

29.08.2019

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті. Елбасы мәртебелі мейманды марапатымен құттықтап, атомсыз әлемге қосқан үлесі үшін алғысын айтты. Өз кезегінде Лассина Зербо Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімін жоғары бағалап, әлемде атом қаруынан бас тартқан батылдығын өзгелерге үлгі етті. Сондай-ақ бүгін Елбасы МАГАТЭ ұйымы бас директорының орынбасары Мэри Элис Хейуордпен кездесті. Тараптар бейбіт мақсатта пайдаланылатын уран банкі жөнінде, Қазақстаннның ұйыммен байланысы және болашақ жоспарлары жөнінде пікір алмасты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті МАГАТЭ ұйымының бұрынғы басшысы, марқұм болған Юкия Аманоның отбасымен де кездесті. Меймандар Елбасыға жоғары деңгейде құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірді. Бүгінгі шараның маңызына тоқталып, Қазақстанның әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесін ерекше атап өтті.  

Д. НУРКИН    

Хабарламаларға жазылу