Астана әкімі Сингапурдың Сауда және индустрия министрі Ко По Кунмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімі Сингапурдың Сауда және индустрия министрі Ко По Кунмен кездесті

25.07.2017

«ЭКСПО» көрмесіндегі Сингапурдың ұлттық күнін тойлау аясында Астана әкімі Сингапурдың Сауда және индустрия министрі Ко По Кун мырза бастаған делегациямен кездесті. Қала басшысы қонақтарды Елбасының тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатқан Астананың  2020 жылға дейінгі даму жоспарымен таныстырды.

Сондай-ақ, аталған бағдарламадағы Астана xалықаралық қаржы орталығын, «Smart Астана» жобалары туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Тараптар осы және өзге де мәселелерді талқылады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу