Ғалым Оразбақов енді Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарады

22.01.2014
Ғалым Оразбақов енді Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарады
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ғалым Оразбақов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады primeminister.kz сайты.  
 
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мекеме ұжымына жаңа басшыны таныстырып, мемлекеттік органның алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
 
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің алдында ЕЭК және КО елдерінің тауар нарықтарына отандық кәсіпорындардың тең қолжетімділігін  қамтамасыз ету, бәсекелес орта үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі маңызды міндеттер тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 21 қаңтарында Ғ.Оразбақов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі қызметінен босатылған болатын. Ол мұның алдында Қазақстанның Индустрия және сауда министрі қызметін атқарған.

Хабарламаларға жазылу