«Смарт Алматы» жобасына шетелдік кәсіпкерлер қызығуда

30.11.2017

Алматыдағы «Смарт сити» жобасын іске асыруға Сингапурдың белді компаниялары атсалысады. Себебі, шетелдік кәсіпкерлер ірі мегаполистің инфрақұрылымын дамытуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Сингапурде өткен іскерлік кездесуде қала басшысы Бауыржан Байбек айтты.

Сондай-ақ, Байбек аталған мемлекеттің Сауда, өндіріс және ұлттық даму жөніндегі аға мемлекеттік министрі Ко По Кунмен жүздесті. Тараптар көлік жүйесіне қатысты интеграциялау істерін талқылады. Мәселен, бұл елде халық тығыз орналасқандықтан, қоғамдық көлікті дамытуға жете мән берілген. Сондықтан, жолды пайдаланғаны үшін әр көлік жүргізушісі ақы төлейді. Алып шаһардағы кептеліс мәселесін шешуді көздеген жергілікті билік сырт мемлекеттің тәжірибесіне назар аударды.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Соңғы 2 жылда біз жаяу жүргіншілерге арналған қала тұжырымдамасын жасауға көңіл бөліп келеміз. Қаладағы кептелісті болдырмау үшін көлік ағымын азайту қажет. Осыған байланысты «Смарт Алматы» жобасын іске асыруға кірістік.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу