ОСК Сенат депутаттығына сайланған азаматтардың тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК Сенат депутаттығына сайланған азаматтардың тізімін жариялады

29.06.2017

Кешегі сайлауда 38 кандидат тіркеліп, соның 16-сы басым дауыспен жеңіске жетті. Барлық облыстан және Алматы мен Астана қаласы бойынша бір-бір адамнан Сенат депутаты анықталды. Осыған байланысты бүгін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, оны комиссияның барлық мүшесі бірауыздан қолдады. Сайлауда республика бойынша барлық деңгейдеге мәслихат депутаттарының 98 пайыздан астамы дауыс беруге қатысты. Кешегі сайлау тиісті ережелерге сай өтті. Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен, Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына шабуыл жасауға әрекет еткендер болды және дер кезінде олардың жолы кесілді. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу