Парламент Сенатының депутаты болып сайланған азаматтардың тізімі жария болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Сенатының депутаты болып сайланған азаматтардың тізімі жария болды

02.10.2014
Парламент Сенатының депутаты болып сайланған азаматтардың тізімі жария болды

Бүгін орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаты болып сайланған азаматтардың тізімін жария етті. Парламенттің жоғары палатасы 75 пайызға жаңарды.

Сайланған депутаттардың орта жасы - 56 жас. Арасында бір ғана әйел адам бар. Сайлау қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын өткізген халықаралық бақылаушылар - бірауыздан саяси науқан әділ өтті деген баға берді. Айта кету керек, Парламенттің жоғары палатасы 47 депутаттан тұрады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу