Сенат сайлауының қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауының қорытындысы жарияланды

29.06.2017

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына сайланған азаматтардың тізімін жариялады. Кешегі сайлауда 38 кандидат тіркеліп соның 16-сы басым дауыспен жеңіске жетті. Барлық облыстан және Алматы мен Астана қаласы бойынша бір-бір адамнан Сенат депутаты анықталды. Осыған байланысты бүгін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, оны комиссияның барлық мүшесі бірауыздан қолдады.

Хабарламаларға жазылу