Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5 пайызы өзін-өзі ұсынып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5 пайызы өзін-өзі ұсынып отыр

12.01.2023

Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5 пайызы өзін-өзі ұсынып отыр. Жалпы саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер атынан да қатыса алады. Сонымен ел бойынша сайлауда еш ұйымда жоқ 55 азамат бақ сынайды. Олар 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкенттен сайланады. Бас-аяғы сенатқа 20 орын бөлінген. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жыл. Сайланған сенаторлардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайлауға түседі. Бүгінде өңірлер саяси науқанды өткізуге тас-түйін дайын. 13 қаңтар тыныштық күні. Ертесі дауыс беріледі. Ал, сайлау қорытындысы 20 қаңтарға дейін жариялануы тиіс.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу