ТМД елдері экономикалық кеңесінің отырысы өтті
Мәскеу қаласында ТМД елдері экономикалық кеңесінің 64-ші отырысы өтті. Жиында достастыққа мүше мемлекеттердің экономика және қаржы саласына жауапты министрлері бас қосты. Тараптар аймақтағы экономикалық ахуалдың барысын талқылап, дамудың жаңа бағыттары бойынша пікір алмасты. ТМД аймағындағы көлік тасымалының қауіпсіздігі туралы стратегияның, 2020 жылға дейінгі шекаралас өңірлер арасындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының және зияткерлік меншік саласындағы кадр даярлауға арналған мемлекетаралық жоспардың жобасын бекітті. Отырыста, сонымен қатар, ТМД елдерінің теміржолдағы келісілген баға саясаты да талқыға түсті. Жиында айтылған осы мәселелердің барлығы, енді Үкімет басшыларының саммитінде қаралады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Таразда жол жөндеуге ₸30 млрд бөлінген
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15