Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің тақырыбы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің тақырыбы белгілі болды

02.06.2016
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің тақырыбы белгілі болды

2018 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің негізгі тақырыбы бүгін өткен хатшылықтың  ХV отырысында мәлім болды.

Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың сөзіне қарағанда, соңғы жылдардағы оқиғалар желісі адамдардың қарапайым қауіпсіздігі мәселелерін алға шығарып отыр. Лаңкестік сын-қатерінің артуын назарға ала отырып, сондай-ақ лаңкестікпен күресте әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру бойынша Қазақстан Президентінің бастамаларын ескере келе, отырысқа қатысушылардың қарауына алдағы съездің негізі ретінде қауіпсіздік тақырыбын қабылдау ұсынылды.

Осы арқылы отырыс қатысушылары талқылау барысында алтыншы съезді «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында өткізуге бірауыздан келісті.

«Отырыс қатысушылары пікір аламасу кезінде ұсынылған барлық төрт секцияның тақырыптарын толықтай қолдады. Бұл тұрғыда «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жаһандық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы ретінде», «Ауыспалы геосаясаттағы дін. Адамзатты біріктіру үшін жаңа мүмкіндіктер», «Дін және жаһандану: сын-қатерлер мен жауаптар», «Діни көшбасшылар және саяси қайраткерлер экстремизм мен лаңкестікті еңсеруде» секцияларында жұмыс істейді»,-деді  вице-министр.

 

Хабарламаларға жазылу